АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Иранға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Иран ядролық қарудан бас тартуға келіскен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақ үй басшысы тараптар “жақсы келісімге” жақындап қалғанын айтты. Дегенмен келіссөздер баяу жүріп жатыр. Трамптың сөзінше, ол АҚШ үшін барынша тиімді шарттарға қол жеткізу үшін асыққысы келмейді.
"Біз өте жақсы келісімге жақынбыз. Егер оған қол жеткізсек, керемет болады. Ал егер олай болмаса, онда біз қайтадан әскери министрлікті іске қосамыз", – деді Трамп.
АҚШ президенті Иран ядролық қарудан бас тартуға келіскенін де мәлімдеді.
Трамптың түсіндіруінше, бастапқыда Иран тарапы ядролық қару жасамайтынын айтқан. Кейін одан мұндай қаруды сатып алу мүмкіндігі туралы нақты сұралғанда, тұжырым өзгертілген. Енді ол бойынша Иран “әскери қаруды әзірлемейді және қандай да бір жолмен сатып алмайды” деген міндеттеме алуы тиіс.