Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Танымал блогер әкесінен зорлық көргенін айтып, жан сырын ақтарды

Танымал блогер әкесінен зорлық көргенін айтып, жан сырын ақтарды
Фото: freepik.com

Танымал қазақстандық TikTok блогері балалық шағында туған әкесінен зорлық көргенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, жантүршігерлік оқиғалар 6 мен 9 жас аралығында болған. Блогердің айтуынша, әкесі оны түрлі қорқыту мен бопсалау арқылы үнсіз қалуға мәжбүрлеген. Қыз бала сол кезде болған жайтты анасына немесе жақындарына айтуға қорыққан.

Жас қыздың сөзінше, әкесі құпияны жария етсе, отбасы мүшелеріне зиян келтіретінін айтып қорқытқан. Сондықтан ол ұзақ жылдар бойы бұл ауыр жағдайды ешкімге айтпай, ішінде сақтап келген.

Қазір 23 жастағы блогер арада жылдар өткен соң, әжесі қайтыс болғаннан кейін анасымен ашық сөйлесіп, шындықты жеткізгенін айтты. Кейін әкесін жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінгенімен, іс белгісіз себептермен жабылып қалған.