Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Мұрны қанай беретін»: Жаныамановтардың тұңғыш ұлына не болды?

«Мұрны қанай беретін»: Жаныамановтардың тұңғыш ұлына не болды?
Фото: әлеуметтік желіден

Журналист Анна Данченко әлеуметтік желіде актер Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүлдің екі жыл бұрын берген сұхбатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz ult.kz сайтына сілтеме жасап. 
Бейнежазбада ерлі-зайыпты тұңғыш ұлы Нұрмұхамметтің ауыр дертпен 5-6 жыл бойы күрескенін айтып, сол кезде ауруды жеңдік деп сенгендерін жеткізген.

Жанаргүлдің сөзінше, бастапқыда баланың мұрны жиі қанай бергенімен, оған аса мән берілмей, салдарынан сырқат асқынып кеткен. Ол бұл сынақтың отбасын рухани тұрғыда шыңдап, өмірге деген көзқарастарын өзгерткенін атап өткен.

Ал Рүстем Жаныаманов мұндай ауыр кезеңде көптеген отбасының ажырасып кететінін, алайда өздерінің бір-біріне сүйеніп, соңына дейін күрескенін айтқан еді.

Алайда тағдырдың ауыр сынына тап болған отбасы күні кеше орны толмас қайғыға душар болды. Актердің тұңғыш ұлы Нұрмұхамметтің өмірден өткені белгілі болды.