Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Елімізге белгілі ғалым өмірден өтті

Елімізге белгілі ғалым өмірден өтті
Фото: freepik.com

Белгілі ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Едіге Закарин өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды Ионосфера институтының ұжымы жариялаған.  

«2 маусымда 87 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан кейін Институт қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор Закарин Едіге Асқарұлының дүниеден озғанын терең қайғыра отырып хабарлаймыз. Ол – әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА Ғарыштық зерттеулер институтының негізін қалаушылардың бірі. Оның көпжылдық ғылыми және педагогикалық қызметі отандық ғылымның дамуына зор үлес қосты»,–деп жазды институт әкімшілігі.
Едіге Закарин – ғарыштық зерттеулер, атмосфера физикасы және ионосфера саласында ұзақ жылдар еңбек еткен танымал қазақстандық ғалым. Ол ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысып, көптеген ғылыми еңбектер мен зерттеулердің авторы болды. Әкесі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, математик Асқар Закарин.  

Желіде тараған қаралы хабарда әріптестері оның ғылымға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, отбасы мен жақындарына көңіл айтты.