Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

"Соғыс тоқтайды": Трамп Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс туралы пікір білдірді

"Соғыс тоқтайды": Трамп Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс туралы пікір білдірді
Peter Kramer/NBC via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің ықтимал кездесуін қолдады. Ол Украина басшысының Вашингтон тарапынан делдалсыз келіссөз өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Менің ойымша, олардың кездескені жақсы болар еді. Олар мұны істеуі керек", – деді Трамп Ақ үйде журналистерге.

АҚШ басшысының айтуынша, бейбітшілікке қол жеткізу үшін екі тарап та белгілі бір шегініске баруы қажет.

"Олар ымыраға келеді. Мен бұл ымыра жолдарын ұсындым. Өздеріңіз білесіздер, біздің бұған қатысымыз үлкен", – деді америкалық көшбасшы.

Трамп Мәскеу мен Киев ортақ мәмілеге келіп, ақырында келісімге қол жеткізе алатынына сенім білдірді.

"Бұл – екі ерекше ел, тамаша елдер. Олар мұны тоқтатады", – деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ ол Вашингтон қақтығысты аяқтауды қолдайтынын атап өтті.

"Мен олардың мұны тоқтатуы керек екенін өте нақты айттым. Бірақ екі тараптың да белгілі бір ымыраға барғанын қалаймын. Менің ойымша, олар бұған барады", – деп қосты Трамп.