Әлеуметтік желіде кәсіпкер Жәкішевтің құдалары әлі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желі қолданушыларының бірі Жәкішевтің құдағиы жариялаған сурет пікіріне жұбайларға ақ тілегін білдіріп, «Өздері қара болса да, құдаларымыздың жүректері әппақ екені көрініп тұр» деп жазған. Сондай-ақ ол екі отбасының татулығына тілектестік білдіріп, жаңа түскен келінге жақсы қарауды сұраған.
Алайда бұл пікірге құдағи жауап беріп, ағылшын тілінде: «Even though they are black… I’m not sure whether to laugh or cry» («“Қара болса да…” деген сөзді оқып, күлейін бе, жылайын ба білмеймін») деп жазды.

Оның бұл жауабы көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі қазақ тіліндегі аталған тіркестің астарында жаман ниет жоқ екенін айтса, енді бірі адамның терісінің түсіне ерекше мән берудің өзі орынсыз екенін алға тартты.