Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шымкентте балаларға банан беріп, фотоға түсіріп болған соң тартып алған

Шымкентте балаларға банан беріп, фотоға түсіріп болған соң тартып алған
Фото: Видеодан кадр

Оқиға Шымкенттегі "Балымша" балабақшасында түсірілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан тәрбиешінің балалардың қолына банан ұстатқанын көруге болады. Десе де фото түсірілген соң жемістер балалардан қайта алынған.

Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын туғызды. Олар желіде: “Осыдан кейін баламызды қалай балабақшаға береміз”, “Кешке кетер уақытында бір-ақ бере салса нелері кетті. Балалар босқа жәутеңдеп қалды" деп жазды. 

Ал қалалық білім басқармасы балабақшаға тексеріс жүргізгенін айтты. Видеода көрсетілген бес қызметкердің үшеуі  жұмыстан кетіпті. Басқарма қандай шара қолданылғанын алдағы уақытта айтамыз деді.