Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Некеге мәжбүрлеген әйелдер де жауапқа тартылады

Некеге мәжбүрлеген әйелдер де жауапқа тартылады
Фото: freepik

Қазақстанда некеге мәжбүрлеу әрекеті үшін жауапкершілік ерлерге ғана емес, әйелдерге де бірдей қолданылады,  деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер әйел адам жігітті өзіне үйленуге мәжбүрлеп, қорқыту, күш көрсету немесе мұндай әрекеттерге туыстарын тартса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Вице-министрдің сөзінше, мұндай құқық бұзушылық үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар ол жүктілікке байланысты некені тіркеуді талап ету немесе азаматтық некені заңдастыруды сұрау қылмыс болып саналмайтынын атап өтті.