Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда жеңіл көлік 5 адамды қағып кетті

Алматыда жеңіл көлік 5 адамды қағып кетті
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда Audi маркалы автокөлік жүргізушісі Зенков көшесінде 5 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметке сәйкес, оңтүстік бағытта келе жатқан Audi жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні соғып өткен.

Куәгерлердің сөзінше, жолда Audi 80 автокөлігі бір сәтте өшіп қалған. Жанындағылар жүргізушіге көмектесіп, көлікті итергеннен кейін ол қайта от алған. Алайда жүргізуші көлікті басқара алмай алға ұмтылып, жол жиегінде тұрған адамдарды қаққан. Одан кейін көлік жол жиегінде тұрған Toyota Granvia шағын автобусымен соғысқан. Соққының әсерінен Toyota жанында тұрған Subaru Impreza көлігіне соғылған.

Оқиғадан зардап шеккен 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.