"Демалсам, халық кетіп қалады": Қайрат Қабышев 100 ән айтуға бел буды

10 маусым, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Семейлік дәстүрлі әнші, Жәнібек Кәрменовтің шәкірті Қайрат Қабышев 100 әнді тоқтаусыз орындап, ерекше өнер көрсетуді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Қабышевтің қазірдің өзінде 50 әнді орындап үлгергенін жазды. Оның айтуынша, әншіге арасында аздап тынығып алу ұсынылған.

"Қайрекең 50 әнді айтып болды. Берік ағам арасында "15 минут демалатын мүмкіндігің бар ғой" деп еді: "Қазір мен демалуға шығып кетсем, халық шығып кетеді. Одан да 100 әнді "ұрып тастап" бірақ демалайықшы. Өз мүмкіндігімді білем ғой. Әйтпесе, қызығы кетіп қалады" деп, одан әрі кетті", – деп жазды Еркін Шүкіман.

Бұған дейін Қайрат Қабышевтің "Толассыз 100 ән шырқалады" деген атаумен үлкен өнер сынағына дайындалып жатқаны хабарланған еді. Әнші 100 әнді бірінен соң бірін орындап, қазақ дәстүрлі ән өнерінде ерекше көрсеткішке қол жеткізуді көздейді.

Тэгтер:

Қайрат Қабышев