Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алтынай Жәкішева жұбайына қатысты сынға жауап берді

Алтынай Жәкішева жұбайына қатысты сынға жауап берді
Фото: Instagram/ altjj__

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева әлеуметтік желіде өзіне және жұбайына қатысты айтылған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Лондонда өткен үйлену тойынан кейін желі қолданушылары күйеу жігіттің ұлты мен тегіне қатысты түрлі пікір білдірген. Осыған байланысты Алтынай Жәкішева арнайы жазба жариялап, махаббаттың ұлтқа, нәсілге немесе мемлекеттік шекараларға тәуелді емес екенін айтты.

Оның сөзінше, махаббат адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі болып саналады және адамдарды бөлмеуі керек.

Сондай-ақ ол қоғамда жеккөрушілік пен қорқыныштың белең алуына өкініш білдіріп, адамдарды бір-біріне түсіністікпен қарауға шақырды.

«Махаббат – адамның шынайы болмысы. Біз сүйіспеншілік үшін жаратылдық», – деп жазды ол.

Алтынай Жәкішева оқырмандарына ізгі тілегін арнап, баршаға жан тыныштығы мен бақыт тіледі.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішев те қызының таңдауын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ең бастысы – қызының бақытты болуы. Сонымен қатар ол құдаларымен танысып, олар туралы жылы пікір білдірген.

Айта кетейік, Алтынай Жәкішеваның үйлену тойы 2026 жылдың мамыр айында Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен.