Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қылмыс әлемінің серкесі өлтірілді

Қылмыс әлемінің серкесі өлтірілді
Фото: әлеуметтік желі

Латын Америкасындағы ең қауіпті қылмыс серкелерінің бірі жойылды,  деп хабарлайды Arasha.kz.

Венесуэлалық қылмыс әлемінің ықпалды тұлғасы, «Ниньо Герреро» лақап атымен танылған қылмыскер арнайы операция барысында көз жұмды.

Ол Латын Америкасында аты шыққан Tren de Aragua қылмыстық ұйымын басқарған. Тергеу деректеріне сәйкес, топ есірткі тасымалы, адам саудасы, бопсалау, кісі өлтіру және өзге де ауыр қылмыстармен айналысқан.

АҚШ пен бірнеше елдің құқық қорғау органдары Геррероны ұзақ уақыт бойы халықаралық деңгейде іздеген. Ол бұған дейін Венесуэладағы түрмеден қашып шығып, іздеуде жүрген болатын.

Қауіпсіздік күштері оның көзін жоюды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі маңызды жетістік деп бағалап отыр.