Қытай көшелерінде алақан жайып ақша сұраған роботтар пайда болды. Желіде қайыр тілеп тұрған андроидтың видеосы кеңінен таралып жатыр. Темірден жасалған бұл құрылғы өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіне аударуда, деп хабарлайды Arasha.kz Politico.kz сайтына сілтеме жасап.
Андроид менің қуаттағышым отырып барады, өтінемін, көмектесіңіздерші деп өтініш айтады. Бұны көрген жүргіншілер оның алдындағы ыдысқа ақшаларын қуана салып жатыр.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі әзілдерін жазуда. Адамдардың айтуынша үйсіздер өздерінің орнына жұмысты жақсы істейтін андроидтарды қолдана бастаған.
Көшедегі адамдардан ақша сұраған ерекше робот көпшілікті таңғалдырды. Оның бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез танымал болып үлгерді. Қазіргі уақытта қолданушылар бұған қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.
Таралған ақпаратқа қарағанда бұл кәдімгі тәжірибе немесе жарнамалық қадам болуы мүмкін. Оған қоса кейбіреулер мұны роботтың мүмкіндіктерін көрсетуге арналған ерекше қойылым деп санайды.