Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директорымен кездесті

Тоқаев АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директорымен кездесті
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директорына ілтипат танытты. Тоқаев бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Ақ үй әкімшілігіне Дональд Трамп келгеннен бастап Вашингтон Астанамен және Орталық Азия аймағымен ықпалдастықты айтарлықтай жандандыра түскен.

«Біз АҚШ Президентінің дипломатияға деген батыл көзқарасын және прагматикалық ұстанымын толық қолдаймыз. Қазақстан Американың Ибраһим келісімдері, Бейбітшілік кеңесі, TRIPP бастамасы және басқа да негізгі жобаларын ілгерілетуге белсенді атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміз бүгінде бұрынғыдан да беки түскен кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге тың серпін берді. Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл реформалар елімізді ресурстарға тәуелді модельден білімге бағдарланған әртарапты экономикаға көшіруге бағытталған. Корпорацияңыздың инвестициялық басымдықтары Қазақстанның даму күн тәртібіне сай келеді. Біз нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз», – деді Президент.

Бен Блэк қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Алматыда Қазақстанның іскерлік қауымдастығымен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өткеніне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған кездесулердің екіжақты байланыстарды кеңейту тұрғысынан өзектілігіне және қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру қажеттігіне айрықша назар аударды.