АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәліметінше, Қазақстан азаматы болуы мүмкін мәйіт табылды. Бұл туралы Sputnik.kz жазды.
«Қазіргі кезде тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ведомство өкілі бүгінгі брифингте.
Айта кетері, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан.
7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.
10 маусымда полиция оның Toyota Camry көлігін тапқан. Алайда жігіттің өзі әлі күнге дейін табылған жоқ.
Қазақстан СІМ бұл істі бақылауға алып, АҚШ құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқанын мәлімдеген еді.