Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

АҚШ-та қазақстандық қамауға алынды

АҚШ-та қазақстандық қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желі

Терроризмге қатысы бар деп күдікке ілінген қазақстандық АҚШ-та қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын хабарлады. 

Мәліметке сәйкес, ер адам 5 маусымда федералдық серіктестердің арнайы операциясы кезінде ұсталған. Өткен жылдың жазында иммиграциялық сот оны АҚШ-тан шығару туралы шешім шығарғанымен, күдікті сот отырысына келмеген.

— Еламан Балтагерейді депортациялау туралы түпкілікті шешім бар. Оған дейін ол ICE қызметінің қамауында болады, — делінген америкалық қызметтің хабарламасында.