Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің немересі әкесінің жұмыссыз жүргенін айтты

Заманбек Нұрқаділовтің немересі әкесінің жұмыссыз жүргенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, отбасының әлі күнге дейін танымал тегінің салдарын тартып жүргенін айтты,  деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, атасы көзі тірісінде айналасындағылар әкесі Қайратқа жиі хабарласып, көмек сұрап, кездесуге ұмтылатын. Алайда уақыт өте келе сол адамдардың көбі байланысын үзіп, тіпті оның хабарламаларына жауап бермейтін болған.

Нұрбибі бүгінде 59 жастағы әкесінің жұмыс іздеп жүргенін көру өзіне ауыр тиетінін жасырмады. Айтуынша, әкесімен әр кездескен сайын атасының өткен өмірі мен саяси қызметінің олардың тағдырына қалай әсер еткені туралы әңгіме қозғалады.

«Бүгін тағы да әкеммен кездестім. Тағы да атамның іс-әрекеттерінің оған, бізге қалай әсер еткені жайлы сөйлестік. Тағы да оның көңілі қалған, үміті үзілген жанарын көрдім», – деп жазды ол.

Нұрбибінің пікірінше, қоғамдағы белгілі әулеттің өкілі болу әрдайым артықшылық емес. Кей жағдайда танымал тегінің өзі жаңа мүмкіндікке жол ашудың орнына, керісінше кедергіге айналуы мүмкін.