Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Трамп Ирандағы мектепте 175 адамның қаза табуына қатысты пікір білдірді

Трамп Ирандағы мектепте 175 адамның қаза табуына қатысты пікір білдірді
Фото: Reuters

АҚШ президенті Трамп Иранның Минаб қаласындағы мектепте 175 адамның қаза табуына байланысты АҚШ-тың жауапкершілігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Sky News мәліметінше, Трамп оқиғаның барлық мән-жайы әлі анықталмағанын айтып, тергеу аяқталмай тұрып кінәлі тарап туралы қорытынды жасауға асықпайтынын жеткізді.

Сонымен қатар ол қайғылы жағдай АҚШ әскери күштерінің қателігінен болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

«Жоқ, қателіктер боп тұрады. Соғыс – лас іс. Бірақ бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Қаласаңыздар, ертең-ақ есеп ұсына аламын. Немесе бұл сұрақты Пентагон басшысы Пит Хегсетке қоюға болады, өйткені тергеуді солар жүргізіп жатыр», - деді Трамп.