Әлеуметтік желіде әйел қазақ қызынан орыс тілінде жауап беруін талап еткен видео тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әйел айыппұл арқалады. Ал дүкендегі сатушы қыз видеосын рұқсатсыз жариялағаны үшін адвокатқа жүгінген.
“Галина тәтеміз 86 500 теңге айыппұл төлейтін болды. Small’да "на русском мне ответьте" деп шу шығарған әйел жауапқа тартылды, дейді Алматы ПД. Бұдан бөлек, Жансұлудың рұқсатынсыз бейнені желіге салғаны үшін қосымша жазалануы мүмкін. Жансұлу дегеніміз сабырымен көптің құрметіне бөленген Small қызметкері”, - деп жазды buzyqmedia.
