Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Бауыржан Қаптағай қателігін мойындады

“Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Бауыржан Қаптағай қателігін мойындады
Коллаж: Arasha.kz

Танымал театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық жолындағы ең үлкен қателіктерінің бірі туралы ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz Dalanews.kz сілтеме беріп. 

Өнер иесі кезінде қазақ сахнасының абызы, өзінің ұстазы Асанәлі Әшімовке қарсы құжатқа қол қойғанын мойындап, тосын мәлімдеме жасады.

Өнер иесі қазақ сахнасының абызы, ұстазы Асанәлі Әшімовке қатысты кезінде қателік жібергенін мойындады. Оның сөзінше, бір кезде көптің ықпалымен Әшімовке қарсы жазылған құжатқа қол қойған. Кейін бұл әрекетіне өкініп, ұстазынан жеке өзі кешірім сұраған.

"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейін өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ол кісі менің ұстазым болды. Бізде Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де, Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім", – деді Бауыржан Қаптағай.