Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кенжебек Жанәбілов асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты

Кенжебек Жанәбілов асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Кенжебек Жанәбілов Мемлекет басшысының жарлығымен "Құрмет" орденінің иегері атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өзін қолдап жүрген тыңдармандарына алғыс айтты.

"Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында президентіміздің жарлығымен "Құрмет" орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!" – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Айта кетейік, "Құрмет" ордені елдің әлеуметтік-мәдени дамуына, ғылым, білім, өнер және өзге де салаларға елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін мемлекеттік марапаттардың бірі.