Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Ажырастым": Экс-президенттің кенже қызы мәлімдеме жасады

"Ажырастым": Экс-президенттің кенже қызы мәлімдеме жасады
Dalanews.kz коллажы

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қызы Лола Каримова-Тилляева кәсіпкер Тимур Тилляевпен ажырасқанын мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Каримова-Тилляева лифт ішінде қолына гүл ұстап тұрған суретін жариялап, өмірінде жаңа кезең басталғанын айтты.

"Өзіме гүл сатып алып жүрмін. Өзімді таңдаймын. Мен ресми түрде ажырастым. Және бақыттымын. Енді өсуге, еркіндікке және шын мәнінде өзіме тиесілі өмірге қарай қадам басып келемін", – деп жазды ол.

Лола Каримова-Тилляева мен Тимур Тилляев 27 жылдан астам уақыт некеде болған. Ерлі-зайыптылардың Мариам, Сафия және Умар есімді үш баласы бар. Ажырасудың себебі мен өзге де мән-жайы туралы олар ашық мәлімдеме жасамады.

Лола Каримова-Тилляева 1978 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол халықаралық құқық және психология саласында білім алған. Кейін дипломатиялық қызмет атқарып, Өзбекстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі болған.

Оның қоғамдық қызметінің басым бөлігі балаларға қолдау көрсетумен байланысты. 2002 жылы ол жұбайымен бірге жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсететін «Сен жалғыз емессің» қорын құрды. Кейін балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысына қатысып, The Harmonist парфюмериялық брендін іске қосты.