Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды

Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды

Kaspi.kz бүгін Түркияның Банктік реттеу және қадағалау агенттігінен (BDDK) түркиялық Rabobank A.Ş. -ті сатып алуға рұқсат алғанын хабарлады. Мәміле барлық стандартты талаптар орындалған жағдайда 2026 жылдың шілде айында жабылады деп күтілуде. 

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: 

«Біз Түркиядағы Rabobank A.Ş.-ты сатып алуға BDDK мақұлдауын алғанымызға қуаныштымыз. Бұл Kaspi.kz үшін маңызды кезең және түрік нарығында бизнесімізді дамытудағы үлкен жетістік. Жұмыс барысында өзара тиімді әрекет еткені үшін BDDK мен тиісті органдарға алғыс айтамыз.

Kaspi.kz – қазақстандық жетекші технологиялық компания, Түркияда бизнесімізді дамыту біз үшін үлкен мәртебе. Мәміле аяқталғаннан кейін біз Түркиядағы тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін цифрлық мүмкіндіктерді кеңейте отырып, төлемдер, электрондық коммерция және қаржытех саласындағы тәжірибемізді қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмысымыз енді ғана басталып келеді және Kaspi.kz-тің алдағы мүмкіндіктеріне зор ықыласпен қараймыз».

Бұған дейін Kaspi.kz Rabobank тобымен Rabobank-тың түркиялық еншілес компаниясы – Rabobank A.Ş.-ты сатып алу туралы акцияларды сатып алу-сату шартына қол қойған болатын.

Rabobank A.Ş. – Түркиядағы лицензиясы бар банк, оның қарыз алушы клиенттері де, салымшылары да, сондай-ақ филиалдық желісі де жоқ.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады.

Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтех қызметтерін, саяхат сервистерін, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті өмірге қажетті басқа да қызметтерді біріктіреді.

Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі болып саналатын Hepsiburada компаниясына иелік етеді.

Бөлісу