Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атырау облысында ер адам әкесіне күш көрсеткен (ВИДЕО)

Атырау облысында ер адам әкесіне күш көрсеткен (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Сарыөзек ауылында егде жастағы тұрғынға қатысты зорлық-зомбылық фактісі болуы мүмкін деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл тұрғыны Эділхан Сисенов ұзақ уақыт бойы өз әкесіне күш көрсетіп келген. Осыған байланысты қарт кісі қазіргі уақытта туған қарындасының үйінде тұрып жатыр.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, егде жастағы азаматтың денесінде көгерген іздер байқалады. Сондай-ақ оның жүруі қиындап, денсаулығының нашарлағаны айтылуда.

Жақындарының мәліметінше, қарт адамның ақыл-есі дұрыс, өз жағдайын толық түсінеді. Алайда ұзақ уақыт бойы көрген қысым мен зорлық оның денсаулығына кері әсер еткен болуы мүмкін.

Әзірге бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Жергілікті тұрғындар құзырлы органдардан аталған жайтты жан-жақты тексеріп, егде жастағы азаматтың құқықтарын қорғауды сұрап отыр.