Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жұбайы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жұбайы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Коллаж: Arasha.kz

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы жұбайы Жанна Жанықұлова көпшілік алдында алғаш рет үндеу жасап, ажырасуына қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жанна Жанықұлованың сөзінше, олардың 20 жылға созылған некесінің бұзылуына күйеуінің бірнеше рет опасыздық жасауы мен басқа әйелдерінің болуы себеп болған.

«Мен – Жанықұлова Жанна Маратқызы, бес баланың анасымын. Барлық баламды бұрынғы күйеуім Жұмабек Жанықұлмен некеде болғанда дүниеге әкелдім. Біз 20 жыл бірге тұрдық. Ажырасуымызға оның жүргіштігі мен тоқалдары себеп болды. Некеде жүргенде неке келісімшарты да, мүлікті бөлу мәселесі де көтерілген жоқ. Мұндай сұрақтардың бәрі оның жаңа әйелі пайда болғаннан кейін туындады», – деді ол.

Сондай-ақ Жанна Жанықұлова қазіргі таңда сот процесі жүріп жатқанын айтып, істің әділ қаралмай жатқанына алаңдайтынын жеткізді. Ол осы мәселеге қоғам назар аударып, қолдау көрсетуін сұрады.