Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқтар Серік қуанышты жаңалығын бөлісті

Тоқтар Серік қуанышты жаңалығын бөлісті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Белгілі әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желідегі парақшасында әулеті үшін ерекше қуанышты жаңалық болғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, туған бауыры Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр оқуын сәтті аяқтап, болашақ бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.

Әнші жас түлекті маңызды жетістігімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

«Бүгін біздің әулет үшін тағы бір жақсы қуаныш, тағы бір жақсы жаңалық. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр болашақ бастауыш мұғалім мамандығын тәмамдап, қолына дипломын алды. Алтыным, сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын. Алла жар болсын», – деп жазды Тоқтар Серік.

Желі қолданушылары да пікір қалдырып, жас маманды жаңа белесімен құттықтап, болашақ қызметіне сәттілік тіледі.

Бөлісу