Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тасжолында жантүршігерлік апат болды: Бес адам қаза тапты

Алматы – Өскемен тасжолында жантүршігерлік апат болды: Бес адам қаза тапты
kstnews.kz

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолында ірі жол апаты болып, бес адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы – Өскемен автожолының 432-шақырымында болған. Алдын ала дерек бойынша, екі жеңіл көлік соқтығысқан.

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталады", – деп хабарлады полиция.

Құзырлы орган жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға, жылдамдықты асырмауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.