Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әуеде басталған өрт үлкен трагедияға ұласты: 8 адам қаза тапты

Әуеде басталған өрт үлкен трагедияға ұласты: 8 адам қаза тапты
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Туристер мінген әуе шарында аяқ астынан өрт шығып, бірнеше адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Arasha.kz, zakon.kz⁠-ке сілтеме жасай отырып.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әуе шарымен серуендеу кезінде оның себет бөлігінде кенеттен өрт тұтанған. Жалын тез таралып, аэростат басқарудан шығып кеткен.

Оқиға кезінде әуе шарында барлығы 21 адам болған. Апат салдарынан 8 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Қалған 13 адам, оның ішінде пилот та бар, аман қалып, медициналық көмекке жүгінген.

Куәгерлердің айтуынша, пилот соңғы сәтке дейін әуе шарын қауіпсіз қондыруға тырысқан. Сонымен қатар жолаушыларға төмендеу барысында себеттен тез шығуға бұйрық берген.

Жергілікті билік қазіргі уақытта апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрт әуе шарының ішкі бөлігінен шыққан.

Қайғылы оқиға Бразилияның Санта-Катарина штатында тіркелген.