5 баланың анасы Ұлытау облысының әкімі Адайұлы Дастан Рысбеков және Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанұлына үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Келіншек 2 баласының ерекше екенін айтады. Ол қалада тегін балаларды оңалту орталықтарының жоқ екенін айтып, жанайқайын жеткізді.
«Мен 5 баламен үйде отырмын. Күйеуімді аяймын. Оны мойнында “отбасы” деген үлкен жүк тұр. Мен оған көмектескім келеді. Біздің бар тапқанымыз ерекше баланың еміне кетеді. Біз де оларды қыдыртқымыз, таулы жерлерге барғымыз келеді. Өзге қалаға демей-ақ қояйын. Неге қалада тегін оңалту орталығын ашпасқа? Неге бізді қолдамайсыздар?», - дейді келіншек.
Видео авторы балаларын оңалту орталығына берсе, жұмысқа шығып, олардың әрі қарай дамуына күш салатынын айтты.