Алматыда полицейлер бір отбасының үш әйелін қалта ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, ұйымдасқан түрде әрекет еткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар базарларда, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын өзге де орындарда ұрлық жасаған.
Олардың олжасына ұялы телефондар, ақша және алтын әшекейлер түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар Алматыда жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексермек.