Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақсай қаласында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Ақсай қаласында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды маңызды инфрақұрылымдық нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады. Аймақ басшысы жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асырған мердігер компания мен құрылысшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тәуелсіздік жылдары елімізде алғаш рет теміржол вокзалдарын кең ауқымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен өңірдегі 4 теміржол нысанын жаңғырту басталды. Күні кеше жаңадан салынған Семиглавый Мар станциясын ашсақ, бүгін екінші бекетті пайдалануға беріп отырмыз. Бұл жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік белсенділікті арттыруға және туристік әлеуетін нығайтуға оң әсер етеді, - деді Нариман Төреғалиев.

90 жылдық тарихы бар «Қазақстан» вокзалын жаңғырту жұмыстары аясында ғимарат толық жаңартылып, заманауи сәулеттік келбетке ие болды. Сонымен қатар 2 перрон мен вокзал маңындағы көпір қалпына келтіріліп, инженерлік инфрақұрылым желілері жаңартылды. Айнала абаттандырылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Бөлісу