Әлеуметтік желіде Қостанай облысындағы «Светофор» демалыс лагерінен түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнежазбада лагердегі санитарлық жағдайдың өте нашар екенін көруге болады. Бұл туралы Egov.Press жазды.
«Балалар Қостанай облысындағы «Светофор» демалыс лагеріндегі жағдайдың тіпті уақытша ұстау изоляторынан да нашар екенін көрсетті.
Тексеру барысында лагерьде медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлердің жұмысқа жіберілгені, балалардың тамағына қолдануға тыйым салынған өнімдердің пайдаланылғаны, сондай-ақ сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, тұрғын корпустар мен асхананың санитарлық жағдайында елеулі кемшіліктер анықталды», - деп жазылған Telegram-арнада.
Алайда тексеру қорытындысында лагерь әкімшілігіне тек айыппұл ғана салынған.