Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Марқұмның туысы сотта шошытқан мәлімдеме жасады

Марқұмның туысы сотта шошытқан мәлімдеме жасады
Dalanews.kz коллажы

Атырау қаласында қоғам назарын өзіне аударған атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысында күтпеген жаңа мәлімет жария болды, деп хабарлайды Arasha.kzkznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот барысында марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова оқиға болған үйдің маңында тұрғындарды ұзақ уақыт бойы үрейлендірген жағдайлар болғанын айтты. Оның сөзінше, сол аумақтан белгісіз әрі қорқынышты дыбыстар шығып тұрған.

«Айналадағылар үй маңынан түрлі дыбыс шығады деп қорқатын», - деді Әдемі Шілмағамбетова сот отырысында.

Марқұмның туысы бұл мәліметті іс бойынша мән-жайды нақтылау кезінде жария еткен. Оның айтуынша, маңайдағы тұрғындар әлгі үйден шығатын түсініксіз дыбыстарға байланысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірген. Алайда ол кезде бұл жағдайдың артында не тұрғаны белгісіз болған.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша куәгерлер, жәбірленуші тарап өкілдері және өзге де қатысушылар жауап беріп, оқиғаның қалай өрбігеніне қатысты маңызды деректер ортаға салынуда.

Айта кетейік, бұл қылмыстық іс Атырау жұртшылығы арасында ғана емес, бүкіл ел көлемінде үлкен резонанс тудырған болатын. Ал сотта айтылған соңғы мәліметтер істің әлі де талай құпиясы ашылуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.