Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот үкімі шықты
Фото: freepik

Атырауда әйелін өз қызының көзінше қызғаныштан аяусыз өлтірген 63 жастағы қала тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 16 наурызына қараған түні орын алған. Сот барысында ер адамның бұл қылмысты ерекше қатігездікпен жасағаны дәлелденді. Ол 12 жасар қызының шырылдап тоқтауды өтінген жалынышына құлақ аспастан, жұбайына 11 жерден пышақ сұққан. Одан кейін қылмыс ізін жасырмақ болып үстіндегі қанды жуып, киімін ауыстырған және содан кейін ғана оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақыртқан.

Сот залында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот үкім кесу барысында қылмысты жеңілдететін факторларды, атап айтқанда, сотталушының егде жасын, денсаулық жағдайын және істеген ісіне өкінетінін ескерді. Дегенмен, қылмыстың тым ауырлығы, әсіресе кісі өлтіру оқиғасының жас баланың көзінше жасалғаны басты назарға алынды.