Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әділетхан Молдахан қанша жылға сотталуы мүмкін?

Әділетхан Молдахан қанша жылға сотталуы мүмкін?
Фото: әлеуметтік желі

Прокурор блогер Әділетхан Молдаханды 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

2 шілдеде Алмалы аудандық сотында Әділетхан Молдаханның ісі бойынша сот жарыссөздері өтті.

Жәбірленуші, Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бүрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың қорғаушысының айтуынша, прокурор айыпталушыға "жалған ақпарат тарату" бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

“Жәбірленушілердің пікірінше, айыпталушының әрекеттері тек Ержан Ұзабаев пен Серік Шумаевқа (Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы) моральдық және материалдық зиян келтіріп қана қоймай, ішкі істер органдарының беделіне де нұқсан келтіріп, құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімін әлсіреткен”, – деді адвокат.