Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде сел жүру қаупі жарияланды

Қазақстанның үш өңірінде сел жүру қаупі жарияланды
Сурет: Instagram/112_qazseldenqorgau

Қазақстанның бірқатар аймақтарында алдағы күндері табиғи апат қаупі күшейеді. Мамандар тұрғындар мен туристерге таулы аймақтарға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында сел жүру қаупі жоғары болып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасының күрт жоғарылауы және алдағы нөсер жауын салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Соның әсерінен өзендерде тасқын пайда болып, лай көшкіні мен жер опырылу қаупі артады.

Мамандар мұндай табиғи құбылыстар елді мекендерге, туристерге және инфрақұрылым нысандарына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты құзырлы орган аталған өңір тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Сондай-ақ ауа райы болжамын жіті бақылап, ескерту күшінде болған кезеңде таулы аймақтарға барудан уақытша бас тарту ұсынылды.

Айта кетейік, жаз мезгілінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райының күрт өзгеруі салдарынан сел қаупі жиі тіркеледі.