Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Өз тойына тікұшақпен ұшып бара жатқан қалыңдық қаза тапты (ВИДЕО)

Өз тойына тікұшақпен ұшып бара жатқан қалыңдық қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Бразилияның Сан-Паулу қаласында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

32 жастағы Роземере ду Насименту Силва үйлену тойына ерекше әсер қалдыру үшін рәсім өтетін жерге Robinson R44 тікұшағымен ұшып баруды жоспарлаған.

Тікұшақ бортында қалыңдықтан бөлек ұшқыш, оның ағасы және жүкті фотограф болған. Ұшу сәті бейнекамераға түсіріліп жатқан. Алайда ауа райы күрт нашарлап, жаңбыр жауып, көріну қашықтығы төмендеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыш тікұшақты басқара алмай қалып, әуе кемесі ағашқа соғылған. Салдарынан борттағы төрт адамның барлығы қаза тапты.

Сол сәтте күйеу жігіт пен қонақтар тойдың басталуын күтіп отырған. Олар қалыңдықтың жолда апатқа ұшырағанынан бейхабар болған.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қайта таралып, өмірдің қаншалықты қас-қағым сәтте өзгеруі мүмкін екенін еске салатын оқиғалардың бірі ретінде талқыланып жүр.