Тележүргізуші әрі журналист Диана Скатова қазақ қоғамындағы той өткізу мәдениеті мен құдалық дәстүріне қатысты ойын ашық білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz, MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.
Жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеген журналист әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі таңда тойға байланысты кейбір жөн-жоралғылардың заман талабына сай өзгеруі қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бүгінде қазақ қоғамында артық шығын мен қажетсіз рәсімдер көбейіп кеткен.
«Қазақ қоғамы тойдың ырымдарын, құдалықтың жөн-жоралғысын қайта қарастыру керек сияқты. Керек емес тірлік көп. Меніңше тозды. Заманға сай жаңартып, ешкімге ауырлық салмайтын деңгейге келу керек», - деп жазды Диана Скатова.
Журналистің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі оның ойын қолдап, қазіргі той жасау кезінде артық шығын мен орынсыз бәсекелестік көбейгенін айтса, енді бірі ұлттық салт-дәстүрді өзгертуге болмайтынын алға тартқан.
Осылайша, Диана Скатованың мәлімдемесі қоғамда той мәдениеті мен дәстүр мәселесіне қатысты жаңа пікірталас тудырды.