Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Күйеуі артық салмағы үшін қорлап, ақыры тұншықтырып өлтірген

Күйеуі артық салмағы үшін қорлап, ақыры тұншықтырып өлтірген
сурет ЖИ арқылы жасалған

Үндістанда 29 жастағы әйелдің өліміне қатысты жан түршігерлік оқиға тергеліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелді өз күйеуі тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Arasha.kzdailypioneer.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Қайғылы жағдай Үндістанның Ханаси ауылында болған. Полиция қызметкерлері марқұм Приянка Камалакардың күйеуі Басаварадж Ваддарды күдікті ретінде ұстап, тергеу жұмыстарын бастаған. 

Белгілі болғандай, Приянканың отбасылық өмірі үйленген алғашқы күндерден-ақ қиын өткен. Тергеу барысында әйелдің туыстары оның күйеуі мен күйеу жағы тарапынан үнемі қысым көргенін айтқан.

Олардың сөзінше, жас келіннен үйленгеннен кейін қомақты қалыңмал ретінде ақша мен алтын бұйымдар талап етілген. Бұдан бөлек, әйелдің артық салмағын бетіне басып, оны үнемі мазақ еткен. Сондай-ақ отбасы мүшелері оның жүкті бола алмай жүргенін де жиі сөз қылған.

Тергеушілердің болжамынша, ерлі-зайыптылар арасындағы кезекті жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Ашуға булыққан күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген болуы мүмкін.

Қазір аталған қылмыс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.