Қытайда тұратын этникалық қазақ, белгілі дәрігер Оқас Сүлеймен Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты - «1 шілде» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл жоғары награданы оған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин салтанатты рәсімде өз қолымен табыстады. Айта кетерлігі, партияның құрылғанына 105 жыл толуына орай берілген бұл мәртебелі марапатқа мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше үлес қосқан небәрі сегіз-ақ адам лайық деп танылған.
Оқас Сүлеймен - осы орденді иеленген қазақ ұлтының алғашқы өкілі. Ол жарты ғасырға жуық уақыт бойы шалғай ауылдарда халыққа медициналық көмек көрсетіп, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған абзал жан.
Дәрігердің айтуынша, ол 40 жылдан астам уақыт бойы сахарада атпен жүріп қызмет атқарған және 3200-ден астам сәбидің дүниеге келуіне көмектескен.
«Адамға қызмет ету керек» деген қағиданы өмірлік ұстанымыма айналдырдым. Өзгелерге жылу сыйлауды мақсат еттім», – дейді ақ халатты абзал жан Оқас Сүлеймен.