Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Трамптың бір ауыз сөзі әлем чемпионатын дүрбелеңге салып жіберді

Трамптың бір ауыз сөзі әлем чемпионатын дүрбелеңге салып жіберді
Pool/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трампнің араласуынан кейін FIFA қабылдаған шешім футбол әлемінде үлкен пікірталас тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогун Бельгияға қарсы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы матчқа қатысуы мүмкін.

Бұған дейін Балогун Босния және Герцеговина құрамасына қарсы кездесуде қызыл қағаз алып, келесі ойынды өткізіп жіберуге тиіс болған. Алайда Дональд Трамп FIFA президенті Джанни Инфантиномен сөйлесіп, бұл шешімді қайта қарауды өтінгені хабарланды.

Нәтижесінде FIFA футболшының қызыл қағазын жойған жоқ, бірақ дисквалификацияны бір жылдық сынақ мерзіміне шегерді. Егер осы кезең ішінде Балогун дәл осындай тәртіп бұзушылыққа жол берсе, жаза автоматты түрде күшіне енеді.

Бұл шешімге Бельгия футбол қауымдастығы наразылық білдіріп, ұйым FIFA турнир регламентінен ауытқыды деп мәлімдеді. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, жарыс ережесіне сәйкес, қызыл қағаз алған ойыншы келесі матчтан міндетті түрде шеттетілуі керек.

Ал АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино FIFA шешімін қолдап, Балогунға көрсетілген қызыл қағаздың өзі әділетсіз болғанын айтты.