Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жерге пакет төсеп тамақтанған келіндерді ел сынап тастады

Жерге пакет төсеп тамақтанған келіндерді ел сынап тастады
Коллаж: Видеодан кадр

Threads әлеуметтік желісінде киіз үйлердің жанында түсірілген бейнежазба кеңінен тарап, желі қолданушылары арасында түрлі пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеода бір топ қыз-келіншектің даладағы ағаш көлеңкесінде, жерге төселген пакеттің үстіне қойылған палауды отырып жеп отырғаны көрінеді. Кадрлардан оқиғаның ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлердің маңында өткенін аңғаруға болады. Алайда көпшіліктің назарын әйелдердің арнайы дастархансыз немесе үстелсіз, тікелей жерге жайғасып тамақтануы аударған.

Желі қолданушылары бұл жағдайға әртүрлі баға берді. Бірі мұны ұйымдастырудағы кемшілік деп санап, қонақтарға, әсіресе әйелдерге қолайлы жағдай жасалуы тиіс екенін жазды. Олардың пікірінше, мұндай көрініс қазақы қонақжайлық пен ұлттық дәстүрге сай келмейді.

Ал енді бір топ қолданушы оқиғаның мән-жайын толық білмей тұрып асығыс қорытынды жасауға болмайтынын айтып, видеодан ғана тұтас жағдайды бағалау дұрыс емес деген пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, бейнежазбадағы қыз-келіншектер Алматы облысының тұрғындары екені айтылған.