Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде аптап ыстық болады

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде аптап ыстық болады
сурет ЖИ арқылы жасалған

Алдағы күндері Астана мен Алматыда күн күрт ысиды. Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arasha.kzTengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
 

Астанадағы ауа райы

8 шілде күні көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз екпінді жел соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз +30…+32 градус болады.

9 шілдеде жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +17…+19 градус болса, күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

10 шілдеде де жауын-шашын күтілмейді. Шығыс желі 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +18…+20 градус, күндіз +35…+37 градусқа дейін ыстық болады.

Алматыдағы ауа райы

8 шілдеде көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыстан соққан жел кейін шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21 градус, күндіз +31…+33 градус болады.

9 шілдеде де кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +18…+20 градус, күндіз +32…+34 градус болады.

10 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +20…+22 градус, күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада болмауға, көбірек су ішуге және күн сәулесінен қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.