Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астана - Қарағанды - Алматы тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Астана - Қарағанды - Алматы тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: "КазАвтоЖол"

Алматы облысындағы Астана - Қарағанды - Алматы республикалық маңызы бар автожолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arasha.kzLiter.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 8-18 шілде аралығында KAZ-01 автожолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Ақсай - Жібек жолы учаскесінің 1177-1186 шақырымдары аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер үшін арнайы айналма жол ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 8 шілдеден бастап Күрті - Шабыт учаскесінің 1121-1177 шақырымдары қайтадан көлік қозғалысы үшін ашылады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырды.