Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Динара Сәтжан күйеуі туралы тараған сынға жауап берді

Динара Сәтжан күйеуі туралы тараған сынға жауап берді
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық медиаменеджер әрі кәсіпкер Динара Жанықұл журналист Шолпанның YouTube арнасына берген сұхбатында отбасы, бизнесі және жұбайы Жұмабек Жаннақұловқа қатысты қоғамда айтылып жүрген пікірлерге тоқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде ол бірнеше бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда, киім өндірісімен айналысады, медиа жобаларды дамытып, жеке бренд қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

Сұхбат барысында Динара өзінің Late Night Show жобасы туралы да сөз қозғады. Ол бағдарламаның тұжырымдамасы шетелдік, әсіресе америкалық форматтардан шабыт алғанын мойындағанымен, жобаны көшірме деп есептемейтінін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда барлық бизнес жобалары өзін толық ақтап отыр.

Жеке өміріне қатысты сауалға жауап берген Динара жолдасы Жұмабек Жаннақұловқа әлі күнге дейін «сіз» деп сөйлейтінін жеткізді. Айтуынша, олар алғашында әріптес ретінде танысып, сол кездегі қарым-қатынас үлгісі бүгінге дейін сақталған.

Сондай-ақ кәсіпкер отбасын құру туралы ұсынысты алғаш болып жұбайы жасағанын айтты. Оның сөзінше, некеге тұрмас бұрын екеуі бұл шешімді жан-жақты талқылап, болашаққа ортақ жоспар құрған.

Сұхбат кезінде жүргізуші әлеуметтік желілерде Жұмабек Жаннақұловтың бұрынғы отбасына қатысты тараған пікірлерді де көтерді. Динара бұл сындармен келіспейтінін айтып, жолдасының балалары алдындағы жауапкершілігін толық орындап жүргенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіпкер балаларының білім алуына қолдау көрсетіп келеді. Бұған қоса, ажырасу кезінде бұрынғы отбасына барлық жылжымайтын мүлкі мен басқа да активтерін қалдырған.

Динараның сөзінше, жұбайы балаларымен тұрақты араласып, Алматыға келген сайын олармен бірге уақыт өткізуге тырысады.

Кәсіпкер сондай-ақ Жұмабек Жаннақұловтың қайырымдылық істеріне де тоқталды. Оның айтуынша, ол студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге көмектесіп, бұрынғы ұстаздарына қолдау көрсетіп, жас спортшыларға демеушілік жасап келеді.

Сұхбат соңында Динара Жанықұл әлеуметтік желідегі түрлі пікірлерге сабырмен қарайтынын айтты. Ол қоғамның сынына үйренгенін жеткізіп, алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асырып, отбасын кеңейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.