Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Арзан бағада құлпынай сатқан ер адамды басқа саудагерлер ұрып тастады

Арзан бағада құлпынай сатқан ер адамды басқа саудагерлер ұрып тастады
Фото: Видеодан кадр

Қырғызстанның Ош қаласындағы базарлардың бірінде саудагерлер құлпынай сатуға келген шаруаны сабап, тауарын шашып тастаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 4 шілдеде Райымбеков көшесінде болған. 

Жанжалдың видеосы желіде тарап, үлкен резонанс тудырды. Қалалық ІІБ аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде төрт адам (үш әйел, бір ер адам) ұсталды. Олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, біреуі отбасылық жағдайына байланысты үйқамаққа алынды.

Ош қаласының әкімі Жанар Ақаев жәбір көрген диқанмен кездесіп, қолдау білдірді. Әкімнің тапсырмасымен шаруаға жаңа базардан тұрақты сауда орны бөлінді.