Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Каспий жағалауында туған күнін тойлаған жігіт жоғалып кетті

Каспий жағалауында туған күнін тойлаған жігіт жоғалып кетті
Фото: Baribar.kz

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында жоғалған Азамат Дүйсеханды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Lada басылымының мәліметінше, бозбала 7 шілде күні туған күнін достарымен бірге Ақтау қаласынан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O’Mir қонақүйі маңында атап өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазір іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жігіттің туыстары мен достары қатысып жатыр.

Алайда туыстары қолда бар техника іздеу жұмыстарын жүргізуге жеткіліксіз екенін айтып отыр.

Отбасы барлық бейжай қарамайтын азаматтардан іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрады.