Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстанға шақырды

Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстанға шақырды
Ақорда. Суретте: Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы Дональд Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, елдің тарихи тұрғыдан қысқа уақыт ішінде әлемдік жетекші державалардың біріне айналғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ әкімшілігінің ішкі саяси бағыты Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан "Заң мен тәртіп" қағидатына негізделген "Әділетті Қазақстан" стратегиясымен үндесетінін айтты. Сонымен қатар ол Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа қолдау білдірді.

Президенттер екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту, саяси ықпалдастықты нығайту және бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында жасалған уағдаластықтардың жоғары қарқынмен орындалып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстанның ядролық қару мен байытылған уранды таратпау жөніндегі ұстанымы өзгермейтіні айтылды. Мемлекет басшысы бұл бағытта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастықты жалғастырудың маңызын атап өтті.

Тараптар Ақордада АҚШ сенаторы Стив Дейнс, Президенттің арнаулы өкілі Серджио Гор және америкалық бизнес өкілдерімен өткен кездесулердің нәтижелерін де оң бағалады.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.