Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерге банк ішінде петарда жарғызған

Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерге банк ішінде петарда жарғызған
Сурет: Qaz365.kz

Павлодарда телефон алаяқтарының айласына түскен егде жастағы ерлі-зайыпты банк бөлімшесінде петарда салынған тортты жарып жіберген. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Arasha.kz,  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткерлер бұған дейін жалған инвестициялық жобаға қаржы салып, алаяқтардың құрбаны болған. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, дроппер ретінде әрекет еткен бірнеше адам анықталып, жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар жәбірленушілердің шығынын өтеу үшін сот тәртібімен тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Алайда арада біраз уақыт өткен соң алаяқтар зейнеткерлермен қайта байланысып, «бұрын жоғалтқан ақшаңызды қайтарып береміз» деп сендірген. Полицияның мәліметінше, күдіктілер психологиялық қысым көрсетіп, ерлі-зайыптыларға торт пен петарда сатып алуды тапсырған.

Кейін олардың нұсқауымен зейнеткерлер банк бөлімшесіне барып, торттың ішіне жасырылған петарданы тұтатқан. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдардың тапсырмасын орындамауға және күмәнді қоңырауларға сенбеуге шақырды.