Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Баян Алагөзова қуанышты хабарымен бөлісті

Баян Алагөзова қуанышты хабарымен бөлісті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі сторисінде КешYOU тобының Астанада концерт беру ықтималдығы туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Баян Алагөзованың сөзінше, қазіргі уақытта ол топ мүшелерімен бұл мәселені талқылап жатыр. Алайда барлық әншінің бір уақытта жиналуы оңай болмай отырғанын жасырмады.

«Қазір қыздармен сөйлесіп жатырмыз. Кейбірі келе алмауы мүмкін. Бірақ тырысамыз. Егер бәрі сәтімен болса, концерт қыркүйек айында өтеді», - деді продюсер.

Әзірге концерттің нақты күні мен өтетін орны жарияланған жоқ. Продюсердің айтуынша, ұйымдастыру жұмыстары жалғасып жатыр, сондықтан алдағы уақытта қосымша ақпарат белгілі болуы мүмкін.

 

скриншот